18 Маусым 2015, 03:37
Өткен ғасырдың басында дүние есігін ашып, кеңестік дәуірдің барлық қиын кезеңдерін басынан кешіріп, артында өлмес әдеби мұра қалдырып кеткен қазақтың көрнекті ақыны, Сыр елінің перзенті, Қазақстанның халық жазушысы, драматург, сыншы, әдебиет, театр зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың төл әдебиетімізде алар орны ерекше. Ұлы ақынға қай өңірде ескерткіш қойса да жарасымды. Ал бұл бюсттің орны бөлек. Өйткені, өзінің туған жерінде, өзінің есімімен аталатын үлкен рухани шаңырақ - облыстық кітапхананың алдына қойылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ақынды ұлықтауға арналған шарада құттықтау сөз сөйлеп, Әбділда Тәжібаевтың өнері өскелең ұрпаққа өнеге болу керек екендігін тілге тиек етті.
– Сыр топырағынан шыққан жарық жұлдыздарымызды ұлықтап, оларға лайықты құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Бұл ескерткіштің Қызылорданың көркіне көрік қосып, жастарымыздың бойына патриоттық сезім беретін рухани орынға айналатынына сенеміз. Әбділда Тәжібаевтың жалынды жырлары жыл өткен сайын одан әрі асқақтап жастарды өрлікке, биіктікке шақырып, теңіз тереңіндегі маржандай жарқырай беретіні сөзсіз, - деді облыс әкімі. Ұрпағы Зифа Әбділдақызы да әкесі жайлы естеліктер айтып, жерлестеріне көрсетіп жатқан құрметтері үшін алғысын жеткізді.
Шара соңында қонақтар ақын шығармашылығына арналған «Жұлдыз шашқан жырлар» атты Тәжібаев оқуын, сондай-ақ «Ұлттық поэзия бәйтерегі» атты кітап көрмесін тамашалап, ақын мұражайымен танысты.
Әбділда Тәжібаев (04.02.1909, Қызылорда қаласы – 23.09.1998, Алматы) – ақын, драматург, сыншы, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымының докторы (1970), профессор (1976), қоғам қайцраткері. Қазақстанның халық жазушысы (1985). Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген (1922). Қаз.МУ-ды (1946), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты (1954) бітірген. 1932 — 1934 жылы Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде редактордың орынбасары, 1934 — 1944 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, төрағасы (1939 — 1944), 1945 — 1948 ж. Қазақстан FA-ның Тіл және әдебиет институтында Жамбылтану бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1948 — 1958 ж. бірыңғай шығармашылықпен айналысып, 1958 — 1960 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, 1960 — 1962 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, 1962 — 1984 ж. М.Әуезов атыңдағы Әдебиет және өнер институты театртану бөлімінде аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Тәжібаевтың алғашқы өлендері баспасөз беттерінде 1927 жылдан жариялана бастады, тұңғыш жыр жинағы «Жаңа ырғақ» 1934 ж. жарыққа шықты. Алғаш кенес саясатын қолдап науқандық өлең-поэмалар («Құлғара», «Айдалған бай», т.б.) жазған Тәжібаев біртіндеп сыршыл, лирик ақын ретінде танылды. Көркем туындылары кезінде қатаң сыналып, әкімшіл-әміршіл қоғамның қысымына ұшырағанына қарамастан, ақын туындыларында социалистік реализмнің қасаң принциптеріне мойын-сұнбаушылық байқалды. Оның «Алтын ай», «Меруерт моншақ тіземіз», «Құшағыма кірді күнім» атты өлендері жастық сезім күйлерін шынайы бейнелеуімен құнды. Тәжібаевтың өленді заман шындығына бағыттауы, лирик, сыршылдығы мен жыр мазмұнын байыта түсуі, авторлық ұстанымының айқындығы, ақындық ізденістері нәтижесінде өміршең өлеңдері дүниеге келді. Ақын өзі монолог жайында «Монологқа ғашықпын. Егер мен поэзия майданында зәредей ғана салмағым болса, еміс-еміс қана есті сөз айта алар болсам әлсіз де болса адам сезіміне дарытқан болсам, осы монологқа қарыздармын» дайді. Монологтың айрықша үлгісін оның «Айнабұлақ» (1936), «Сырдария» (1936) өлендерінен көруге болады. «Сырдария» — табиғатты сүйген адамның сыршылдық үні, адамзаттың отансүйгіштік сезімін жырлаудағы жаңа белес болса, «Айнабұлақ» — сыршылдықты эпикалық үрдіске жалғаған суреткерлік үлгісі, адам еңбегі жайлы толғаныс. Тәжібаевтың лирика мен эпика жанрларын ұштастыра отырып, «Оркестр» (1935), «Құтқару» (1935,1936, 1939), «Екіжиһан» (1938) атты алғашқы поэмаларын жазды. 40-жылдары Тәжібаевтың халықтық аңыздар мен мифтік сюжеттер негізінде жазылған «Мерген», «Толағай», «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу», «Күй атасы», «Абыл», т.б. біршама поэмаларды дүниеге әкелді. Бұл туындыларында ақын шартты символды бейнелер арқылы зұлымдық пен адалдықтың, ерлік пен ездіктің, адамгершілік пен жауыздықтың күресін суреттеді. Сол арқылы халық бойындағы ерлік пен қайсар мінезді, азаматтық тұрақтылық пен адамдардың жаңа өмір жолындағы күресін, қиыншылықтарын бейнеледі. Ол еңбек адамының ішкі сырын ашуға («Қарлығаш», «Блокноттан»), балалар психологиясына бойлауға («Май, алақай», «Бес түлік жыры») ұмтылды. Халықтар достығы мен азаттық жолындағы күрес оқиғаларына («Ақын дауысы», «Грузия», «Арыс халқына») үн қосты. Осы кезеңде дүниеге келген ақын туындыларынан тақырыптық кендікті, әр тараптағы үздіксіз ізденістерді тануға болады («Шын жүректен» (1949), «Сүйген жүректер» (1951). 50-жылдардың орта түсынан Тәжібаевтың шығармаларының жаңа кезеңі басталды. Оның лирик, өлеңдері мен поэмаларында адам мен заман туралы толғаныстары сыршылдықпен бейнеленді. Қоғам мен адам арақатынасын, адамның қоғамдағы орны мен еңбегі жайындағы тебіреністерін филосфиялық сырға толы туындылары негізінде танытты. Мұндай ақындық ізденістер «Адам», «Темірші», «Портреттер» поэмаларында, «Гүлден дала» (1953), «Аралдар» (1958), «Жастық жылдар» (1962), «Кешеден бүгінге» (1964), «Жартас» (1967), «Көне қоңырау» (1973; ҚР Мемлекеттік сыйлығының 1974), «Жаңа өрімдер» (1975), «Құрдастар» (1977), «Толағай» (1978), т.б. жинақтарында көрініс тапты. Тәжібаевтың қоғамдағы келеңсіздіктер мен адам психологиясының бұзылуын өткір сынап-шенейтін сатир, шығармалар да жазды. Ақын ұғымыңдағы адам өз заманының биік мұраттарын бойына дарытқан тұлға саналса, сол адамзат жүріп өткен жолдың бұралаңсыз, түзу болуы, адамдық қасиеттердің саудаға салынбауы басты мақсат, өмірдегі жүріп өткен жолында адамдық атына сай болуы тиіс деген ойларын ол «Жол туралы», «Жатыр жолдар алдымда бұрандаған» атты өлеңдерінде түйіндейді. Ақын кейіпкерлері адам сырын, оның жан диалектикасын өмірдің тарихи-философиялық мазмұнымен, уақыт қызметімен ұштастырады. 40-жылдардан бастап Тәжібаевтың драматургия жанрына қалам тартып, пьесалар жаза бастады. Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез», «Біз де қазақпыз» (кейін «Халқым туралы аңыз») атты аңыздық, мифтік сюжетке құрылған драммалық пьесалары кеңестік идеологиядан ауытқу деп танылып, «символист қателері» үшін ақын қуғынға ұшырады. Бұл туындылар БК(б)П ОК-нің «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы (26.8. 1946) негізінде сынға ілікті. 1964 жылы оның «Жүректілер» атты пьесалар жинағы жарыққа шықты. Бұл еңбекте «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес» (алғаш «Гүлден, дала» деген атпен басылған), «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драматургиялық туындылары, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» тәрізді комедиялары жинақталған. Оның «Өмір және поэзия» (1960), «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» (1971) атты монографиялық зерттеулері, көптеген сын мақалалары жарияланған. Ол «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1-т., 1975) атты зерттеу еңбекті құрастыруға қатысып, соңғы басылымның редакциясын басқарған. «Жылдар, ойлар» атты еңбегінде (1976) Жамбыл, Нұрпейіс, Нартай, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов, т.б. әдебиет пен өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Жаданның хаттары» (1980), «Хаттар сөйлегенде» (1980), «Өмір мен ерлік» (1985) атты сын, 294 эссе, прозалық кітаптарыңда әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан.
Әзірлеген: Досжан Мейірім.