«БАЗИС-А» ЕХРО-2017 павильондарының құрылысын аяқтауға жақын

15 Шілде 2016, 08:50

ЕХРО-2017

«БАЗИС-А» Қазақстандағы үлкен, жарқын нысандарды салуға қатысуда. Солардың бірі – Астанада «Болашақ энергиясы» атауымен өткелі отырған ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі павильондарының құрылысы.

 

Париждегі Эйфель мұнарасы, Барселонаның Монжуик тауындағы Ұлттық музей, Брюссельдегі «Атомиум», Монреальдағы «Хабитат 67» секілді әлемге әйгілі ғимараттар алдыңғы қатарлы технологиялар мен прогрестің символдарына айналды және EXPO дүниежүзілік көрмелерінде тұңғыш рет көрсетілген болатын.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге арнап салынып жатқан әсемдігіне тіл жетпейтін, футуристік архитектуралық кешен қазірдің өзінде әлемдік архитектуралық мұраның бір бөлшегіне айналып үлгерді. Осынау өзгеше жобаның аясында «БАЗИС-А» тұтас бір павильондар блогын салып жатыр. Оған «Энергия әлемі» павильоны мен жалпы аумағы 73 000 ш. м болатын екі халықаралық павильон кіреді. Құрылыс процесі аса күрделі, себебі, көрме аяқталғаннан кейін көрме стендтері мен көптеген келішулерге арналған павильондар түрлі компаниялардың кеңселері, білім беру нысандары, ғылыми орталықтар мен басқа да инфрақұрылым нысандары орналасатын жайлы орындарға айналдырылуы тиіс. Бұл жоспарлау шешімдеріне мүлдем басқа қырынан қарауды талап етеді.

Құрылыс барысында энергия үнемдеу технологияларын пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, ғимараттарда фотоэлектрлік модульдер қолданылуда. Осы өнімдерді шығаратын зауыт көрмеге қатысады. «БАЗИС-А» аталған зауыттың құрылысына атсалысқан болатын.

 

Сондай-ақ, павильондардың құрылысына адам санын есептейтін және жарықты тарататын арнайы сенсорлар қолданылуда. Бұл - энергия тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді.

Электр желілеріне түсетін салмақты азайтып, реттеу, сонымен қатар, қайта қалпына келетін энергия көздерін көрме мен қала инфрақұрылымына интеграциялау үшін SmartGrid технологиясы пайдаланылатын болады. Ол энергия тұтынуды үзбей қадағалап отыруға және салмақты автоматты режимде реттеп таратуға мүмкіндік береді.

 

Қазір ЕХРО-2017 павильондарының құрылысы аяқталуға жақын. Алайда, «БАЗИС-А»-ның көрмеге қатысуы мұнымен шектелмек емес. Көрмеге 100-ден астам ел, 10-нан аса халықаралық ұйым мен инновациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік компаниялар қатысады. Өз павильондарын әзірлеу кезінде компания мамандары «БАЗИС-А» компаниясы ЕХРО-2017 қатысушыларына арнап салып жатқан тұрғын үй кешенінде тұратын болады. Жайлы пәтерлер биылғы қыстың өзінде көрмеге қатысушылардың алғашқыларын қабылдауға дайын болмақ. Ал, терезелері ЕХРО-2017 футуристік архитектуралық ансамбліне қараған, алдыңғы қатарлы «жасыл» технологиялар бойынша салынған үйлерде тұруды армандайтын қазақстандықтар EXPO Plaza тұрғын үй кешенінен қуана пәтер таңдауда. Оны «БАЗИС-А» компаниясы Назарбаев Университет пен Қазақ ұлттық хореография академиясына қарсы орналасқан көрме кешені аумағында саябақтар мен гүлзарлардың ортасына салуда.

 

Бөлісу: