Бұл туралы ОСК төртінші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов «Байтақ» жасылдар партиясы қаулы аясында мәслихат депутаттарын сайлауға тек үш облыста жіберілгендігін атап өтті.
«Осыған орай, «Байтақ» жасылдар партиясының филиалы үш облыста ашылды. Олар енді аймақтарда мәслихат депутаттарын сайлай алады. Қазіргі уақытта партия филиалы Алматы, Шымкент пен Астана қалаларында құрылды. «Respublica» партиясы да қазіргі уақытта өздерінің филиалы құрылған аймақта мәслихат депутаттарын сайлай алады», - деді ол.
Осыған дейін «Байтақ» жасылдар партиясының құрылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.