“Байтақ” партиясы төрағасы мажориторлық жүйе арқылы сайлауға түсіп жатыр

14 Ақпан 2023, 16:02 1198

Бұл туралы “Байтақ” жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы Қайрат Абилпаттаев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

“Қазақстанның «Байтақ” жасылдар партиясы дегенде көбісі экологиялық мәселелерді көтереді деп ойлайды. БҰҰ-ның “Тұрақты даму” концепсиясы бар. Соның ішінен өзімізге келетін 17 бағытты алғанбыз. Біздің партияның төрағасы мажириторлық сайлау бойынша түсіп жатыр. Ондағы мақсатымыз - өңір-өңірден жаңа тұлғаларды шығару,”- деді “Байтақ” жасылдар партиясы республикалық штабының басшысы Қайрат Абилпаттаев.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: