Байденнің ұлы 25 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін

15 Қыркүйек 2023, 10:00 651

АҚШ Әділет министрлігі президенттің ұлы Хантер Байденге федералдық айып тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол қаруды заңсыз сақтаған деп айыпталуда. Енді Хантер 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Байденнің ұлына үш бап: екеуі қаруға қатысты жалған ақпарат бергені және үшіншісі есірткі қабылдайтын адамның қаруға иелік еткені бойынша айып тағылып отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: