БАЯНХАТ

26 Наурыз 2014, 08:51

Баянхат.ҮЛГІ

орындалу барысында

- в ходе выполнения

ағымдағы жағдай

- текущая ситуация

басқарманың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады

- осуществляется по поручению управления

басты назар насихаттау мәселелеріне аударылды

- главное внимание обращено на проблемы пропаганды

басы ашық мәселе

- ясная прблема

елеулі фактор болып табылады

- является значительным фактором

еңбек шығындарын бағалау

- оценка затрат труда

әр айдың 5-інде

- ежемесячно 5 числа

ерекше еңбек жағдайлары үшін

- за особые условия труда

әрі қарай жұмыс барысында

- в ходе дальнейшей работы

жағдайларды қоспағанда

- за исключением случаев

іс-шаралар өткізуге бағытталды

- направлен на проведение мероприятий

қабылдау жоспарының орындалғанын

- о выполнении плана приема

өндірістік мәселелерді шұғыл түрде шешу

- оперативное решение производственных вопросов

өндірістік оқу шеберлері белсенділік танытты

- особо отличились мастера производственного обучения

                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігіне

 

Баянхат

 

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмек құрал-дарын мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың өтпей қалғанына байланысты  онкологиялық ауруларға арналған химия препараттарының сатып алынбағандығы туралы хабарлайды.

 

Бастық                                                                                          

                                                                                                                  (аты-жөні)

 

 

Үлгі 2.

 

                                                  Астана қаласының

                                              Емдеу-алдын алу

ұйымдарының бас дәрігерлеріне

 

 

Баянхат

 

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9 бабының         4 тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар                 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы жоспары бекітілген күннен бастап сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жоспарланып отырған номенклатурасы және көлемі, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың әдісі мен мерзімдері көрсетілетін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын   бекітетіндігін хабарлайды.

Осының негізінде 2012 жылға арналған жылдық жоспар бекітілгеннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде басқарманың мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық база бөліміне Жоспардың түпнұсқасы қағаз және электронды жеткізушілерде жолданылуы тиіс.

Сонымен қатар, заңнамамен бекітілген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы бекітілген жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу бойынша уәкі-летті органға (Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы) уақытылы жолдау қажет.

 

Бастық                                                                

                                                                                            (аты-жөні)

 

 

 

Үлгі 3.

 

  Астана қаласы әкімінің

  бірінші орынбасары

 

 

Баянхат

 

2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 14005 тапсырмаңызға сәйкес, Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау қалалық аумақтық басқармасының түтіндетіп жүретін автобустарды пайдалануға тыйым салу мәселесі жөніндегі 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 02-06/4662  хатын қарап, мынаны хабарлайды. Басқармада жолаушылар кәсіпорындарының басшыларымен жұмыс кеңесі өткізілді, онда жолаушылар көлігінің газ шығарғанда зиянды заттардың көбею фактілерін жою көрсетілді.

Алайда, қалалық жолаушылар көлігі паркілерінің жылжымалы құрамының жетіспеуіне байланысты, сондай-ақ Астана қаласы әкімі бекіткен мерекелік іс-шараларға қызмет көрсету жоспарының кеңдігін ескере отырып, жолаушыларды тасымалдауда хатта көрсетілген автобустарды жұмыстан шығару мүмкін емес.

Келтірілгендердің негізінде, Қоршаған ортаны қорғау  басқармасымен келісе отырып,   қалалық маршруттардағы автобустарды пайдалана беруге жәрдемдесуіңізді сұраймын.

Осыған байланысты, аталған Басқарманың мекенжайына зиянды заттар әсерін азайтуға арналған құрылғылар (катализаторлар), арнайы жабдықтарды орнату мүмкіндігіне келісім  және кепілдеме беру туралы хат жіберілді. Осы кезде келесі аталған жылжымалы құрам тұрақты ҚОҚ басқармасы мен ЖК және АЖД бақылауында болатын болады.

Сондай-ақ, 2013 жылдың бірінші тоқсанында әлемдік экологиялық стандартқа сай жаңа автобустардың жеткізілуі күтілуде, яғни бірінші кезекте ақауы бар автобустар ауыстырылатын болады.

 Бастық

Орынд.:   

Тел.:  

«Құжаттама», Ж.А. Тұрлыбекова, Ұ.К. Каюпова, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы дайындаған

Бөлісу: