Байқоңырдан "Протон-М" зымыраны ұшырылды

13 Қазан 2022, 04:40 905

Ол Анголаның "Ангосат-2" телекоммуникациялық жерсерігін суборбитальды траекторияға шығарады

2022 жылы 12 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды El.kz.

Ол Анголаның "Ангосат-2" телекоммуникациялық жерсерігін суборбитальды траекторияға шығарады.

"Қазіргі уақытта ДМ-03 үдеткіш блогы жерсерікті нысанаға алынған "Ангосат-2" геостационарлық орбитаға (биіктігі шамамен 36 мың км шеңбер орбитаға) шығыс бойлықпен 23 градус позициясында орналастыру үшін апара жатыр", - деді "Роскосмос" баспасөз қызметі.

Құрылғы тек Анголаны ғана емес, бүкіл Африканы, тіпті Еуропаның оңтүстік елдерін де телекоммуникация қызметтерімен қамтуға қабілетті екендігі айтылады. Ол бір орындағы және жылжымалы байланысты, цифрлық телерадио хабарларын тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізу қызметтерін қамтамасыз етуге арналған.

Бөлісу: