«Байқоңыр» метро станциясына ең үздік жұмыстар қойылды

18 Наурыз 2016, 10:28

Көрме

Алматы қаласындағы «Байқоңыр» метро станциясында «Сенің даусың – сенің болашағың» атты көрме ашылды. Жақында ғана аяқталған «Сенің даусың – сенің болашағың» жалпыреспубликалық постерлер байқауында ең үздік деп танылған 70-ке жуық жұмыс метроға ілінді.  

 

«Байқауға келіп түскен 309 постерлердің мақтауға лайықты деп іріктелген 70 жұмысын көпшілік назарына ұсынып отырмыз. Қазір оншақты плакатты өзге де станцияларға ілу жөнінде метрополитен басшыларымен келіссөз жүргізілуде. Ал негізгі көрме «Байқоңыр» станциясында ашылып отыр. Себебі, бұл көпшілік жұрт үшін ең ыңғайлы және студенттер көп қатынайтын жер»  – дейді «Қаламгер Азамат» жас тілшілер қорының төрағасы Айдар Қырықбай.

 

Алғашқы көрермендер үздік жұмыстарға өз бағаларын беріп те үлгерді.

«Жұмыстар өте жақсы ойластырылған, бұл плакаттар көпшілікті сайлауға белсене қатысуға үндейді. Мен сайлауға міндетті түрде қатысамын, себебі бұл қадам – біздің болашағымызды айқындайды», – зейнеткер Татьяна Ральникова.  

 

Жақында ғана «Сенің даусың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы қорытындыланып, жеңімпаздардың есімі белгілі болғанын естеріңізге сала кетейік. Әділ-қазылардың шешімі бойынша 3-орынға Алматылық Рауль Чукобаевтың жұмысы лайық деп танылды. Ал 2-орынға 2 адам алматылық Сағидулла Ақтанов мен Тараз университетінің студенті Нұрсейіт Қарабаев  ие болды. 1-орынды ақтаулық Мұрат Наурызбаев жеңіп алды. Ең үздік жұмыс ретінде астаналық Айдос Анаевтың жұмысы Гран-при иеленді.

 

«Байқоңыр» станциясындағы көрме 20 наурызға дейін жалғасады.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

 

 

Бөлісу: