«Бауыздап, денелерін жасырып қойған». Қазақстаннан барған анасы мен қызын өлтіріп кетті

2 Ақпан, 10:59 8411

Ер адам 39 жастағы әйел мен оның бес жастағы қызын өлтіріп, денесін жасырғанын мойындады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Олар 20 қаңтардан бастап, байланысқа шықпаған. Таныстарының мәліметінше, әйел Қазақстандағы мүлкін сатып, Новосібір қаласына ірі ақшамен аттанған. Жаңа көлік сатып алған соң, байланысқа шығуын тоқтатқан.

Жедел іздестіру  нәтижесінде, 31 жастағы ММА спортшысы Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұсталды.

Ол әйелді бауыздап, қызды тұншықтырып өлтіріп, денесін жасырып кеткенін мойындады. Күдікті әйелге көлік алуға көмектесіп, басы-қасында жүрген. Оңтайлы сәтті пайдаланып, ақшасын иемдену үшін қылмыс жасағаны белгілі болған. Тергеу жалғасып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: