Батыс Қазақстандағы тасқынға қарсы күреске 10 мыңнан астам адам жұмылдырылды

21 Сәуір, 16:18 571

Оралда тиісті құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов те оқиға орнында жүр.

Жергілікті билік қауіпсіздік үшін БАҚ өкілдеріне қауіпті учаскелерден хабар таратуға тыйым салды. 

Тасқынға қарсы күрес жұмыстарына 3000 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Жағдай ушығатын болса, 5 тікұшақ пен 197 қайық дайын тұр.  

Ақтөбе облысынан және әскери бөлімнен ТЖМ, сондай-ақ ІІМ қосымша күштер мен құралдар Батыс Қазақстан облысына жіберілді

Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағалауын және Орал қаласының шеткі бөліктерінде орналасқан елді мекендерді су басты. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнындағы саяжай үйлерінде тұрғындардың бар-жоғын тексеріп, өзен жағасын бекіту, қапшықтар және инертті материалдар төсеу, су сору жұмыстарын жүргізуде. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын.  

Әуе кемесімен жергілікті жерде  әуеден барлау жүргізіліп, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараты көтерілді. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда.

Ақтөбе облысынан және 52859 әскери бөлімінен ТЖМ, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің қосымша күштер мен құралдар Батыс Қазақстан облысына жіберілді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жүргізіледі, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: