Жер сілкінісінің ошағы Атырау облысындағы Құлсары қаласынан 120 шақырым жерде болған. Бұл туралы Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты Қазақстан ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Орталықтың мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы mb=4,3 болды. Энергетикалық класс K=9,1.
Зардап шеккендер, дүмпулердің сезілуі мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының порталында Қазақстанның батысында жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат жоқ.