Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге баспана салу қалай жүзеге асырылуда

29 Маусым, 04:31 670

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап 60 үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта БҚО-ның Бөрлі ауданы Ақсу ауылында – 23 үй, Пугачева ауылында –  12 үй, Аралтау ауылында – 14 үй, Кеңтүбек ауылында – 11 үйдің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта үйлердің басым бөлігінде құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталған. Облыс әкімі аудан әкімдігіне, облыстық құрылыс басқармасына және мердігерлерге жұмыстарды уақытылы аяқтауды және баспаналардың сапасына баса мән беруді тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстарын жоспарға сай аяқтау керекпіз. Бөрлі ауданында бірнеше ауылдарды аралап шықтым. Жұмыс қарқыны жақсы. Кейбір үйлердің құрылысына қосымша тағы да құрылысшыларды тарту қажеттілігін ескерттім, - деді Нариман Төреғалиев. 

Сонымен қатар өңір басшысы ауылдарды аралау барысында аудан әкімдігіне су тасқыны салдарынан бұзылған үйлердің қоқыстарын жинауға техника тартуды қамтамасыз етуді, қорғаныс бөгеттерін тұрғызуды және тасқыннан зардап шеккен ауылдарды абаттандыру мәселесіне назар аударуды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік,  БҚО-ның Бөрлі ауданында су тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 64 үй сатып алынып, қалған 60 отбасыға жаңа баспаналар салынуда.

Зарина Арман
Бөлісу: