Батыс Қазақстанда су тасқынынан кейін 100-ден астам тұрғын үйіне оралды

16 Наурыз 2023, 13:00 875
Батыс Қазақстан облысында Орал қаласы мен 6 ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандарында инертті материал салынған қап төсеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы 6000-ға жуық қап төселді, 84000-ға жуық текше метр су сорылды",-деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
 
Оның айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша инертті материал салынған 32 000 қап төселді, 420 000 текше метр су сорылды.
 
Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылының арқасында бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталуда, 100-ден астам адам өз үйіне оралуда. Бұрын эвакуацияланған 188 адам туыстарының үйлерінде. Жағдай тұақты бақылауда. Сонымен қатар су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жүргізілуде, - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары.
Сонымен қатар өткен тәулікте Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында жағдай тұрақтанды, күштер мен құралдар басқа учаскелерге жіберілуде.
 
Қазіргі уақытта Орал қаласы аумағында орналасқан Деркөл және Шаған өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. 11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылдануда.
EL.KZ
Бөлісу: