Батыс Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі кеңес өтті

2 Ақпан 2023, 17:07 1368

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен 2023 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс кеңесі өтті. Отырыс барысында облыстағы және көршілес мемлекеттегі метеорологиялық жағдай, сондай-ақ алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы мәселелер қарастырылды.

Облыстағы метеорологиялық жағдай туралы «Казгидромет» облыстық филиалының басшысы Тілеген Шапанов айтып, жалпы су тасқыны жағдайына теріс әсер етуі мүмкін көрсеткіштерге назар аударды.

Сонымен қатар, ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндай келе, су тасқынына бейім елді мекендерде инженерлік қорғаудың болмауы және облыстың шағын су объектілерінде уақытша қосымша гидробекеттерін орнату қажеттілігі секілді проблемалық мәселелерге ерекше назар аударған болатын.

Отырыс барысында барлық проблемалық мәселелер қаралып, барлық мүдделі органдарға нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

EL.KZ
Бөлісу: