Батыс Қазақстанда ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды

20 Қаңтар 2023, 20:07 916

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

БҚО-да ішімдік ішу адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Жәнібек ауылында 45 жастағы азамат 35 жастағы азаматты үйіне шақырып, спирттік ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындап, 45 жастағы азамат досына дене жарақатын салған. Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен “Адам өлтіру” сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: