Батыс Қазақстанда ірі қойма жанып кетті

26 Қазан, 02:25 659

Батыс Қазақстан облысында ірі қойма өртенді. Оқиға Бәйтерек ауданы Мичурино кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, жеке тұрған ангар үлгісіндегі қойма жанған.

Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер өртті сөндірді. Оған жеке құрамынан 30 адам және 12  техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 300 шаршы метр алаңды шарпыған. 

Зардап шеккендер жоқ.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿🚒 БҚО Төтенше жағдайлар департаменті (@batysqaz_tjd)

Перизат Саденова
Бөлісу: