Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары газсыз қалды

10 Қаңтар 2023, 14:29 1060

Қатты аязда ауыл тұрғындары газсыз қалды

БҚО ТЖ департаменті оқиға 10 қаңтар күні Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округіне қарасты Горбунов ауылында болғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Аталмыш елді мекенде сағат 09.25-те газ апаттық жағдайда айырылған. Салдарынан 31 абонент газсыз қалды. Сыртта 30 градус аяз. Газ құбыры «Әлия сервис» ЖШС жеке ұйымына тиесілі. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстарына аталған ЖШС-дан 4 қызметкер, 1 техника және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан 4 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды»,-деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар осы ауданның Трекин ауылында газ қысымы төмендеген, бригада жұмыстануда.

«Таңғы сағат 05.00-ден кете электр жарығы сөніп, 10.00-де жанды. Біраз уақыттан бері газдың қысымы шамалы, жылтырап жанып тұр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Трекин ауылының тұрғыны Қуаныш Таубаев.

EL.KZ
Бөлісу: