Батыс Қазақстан облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған

31 Шілде 2023, 15:39 993

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысында 6 әкімшілік аумақта бруцеллездің 21 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

15 жағдай зертханалық зерттеу кезінде расталды. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арысбаев мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Барлық жағдайда инфекцияның малдан жұққаны белгілі болды. Ауру малды төлдету және ауру малды күту кезінде жұққан, - дейді облыстың бас санитариялық дәрігері.

Равиль Ашығали
Бөлісу: