Батыр Жүкембаев АҚШ-та WBA-дің бұрынғы чемпионымен бокстасады

26 Тамыз 2023, 23:43 855

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz.

BoxRec.com мәліметінше, 32 жастағы Жүкембаев 20 қыркүйекте Флорида штатындағы Плант-Ситиде рингке шығады, оның қарсыласы – 30 жастағы аргентиналық Уго Альберто Рольдан (22-1-1, 7 КО). Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Бұл Батырдың АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Алғашқы айқасында ол жеңіліп қалған болатын.

Шу тумасы өзінің соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматыда өткізді, онда ол оңтүстік африкалық Ксолани Мкотхелиді (19-8, 12 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірді.

Қарсыласына келетін болсақ, Рольдан 25 ақпанда Аргентинада жартылай орта салмақтағы WBA Fedelatin бос титулына арналған жекпе-жекте отандасы Хосе Уго Асеведоның (14-5-2, 8 КО) жеңген, алайда қазіргі уақытта ол аталған белбеуге иелік етпейді.

Берік Арманов
Бөлісу: