31 Қазан 2016, 05:49
«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары:
Студенттік қазылар алқасы:
Бас жүлде – «Фишура», реж. Яго Матео Веласко, Испания
Халықаралық қазылар алқасы:
Ең үздік ер адам рөлі – Александр Колмыков, «Америка внутри», Ресей
Ең үздік әйел адам рөлі – Джианна Гомез, «Охота за светлячками», АҚШ
Ең үздік операторлық жұмыс – Андрей Коваль, «Грустное лицо», Украина
Ең үздік сценарий – Неджин Аминзадех, «Не бойся меня», Иран
Ең үздік анимациялық фильм – «Ты все можешь», реж. Никита Тимощук, Украина
Кинодағы жаңа үні үшін – «Не кусай свои губы», реж. Камилла Әбділдинова, Қазақстан
Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Ночные пчелы», реж. Иоанна Карлберг, Швеция
Шара аясында фестиваль қонақтары шығармашылық кештерге қатысып, өздерінің шеберлік сағаттарын өткізді. Сондай-ақ, фестивальде «Кино, телевидение және жаңа медиа: тіл, технологиялар, модельдер» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Халықаралық киномектеп қауымдастығына жаңа мүшелердің қабылдануы туралы меморандумға да қол қойылды.
Ал, фестивальдегі ерекше оқиға деп Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында көрсетілген жас режиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» атты қысқаметражды фильмін атауға болады. «Өліара» жақында ғана Кореяда өткен халықаралық Пусан кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
Көрермендер «Бастаудың» арқасында Владимир Меньшовтың «Зависть Богов», жақында дүние салған ирандық режиссер Аббас Киаростамидің «Забери меня домой» фильмдерін тамашалады. Естеріңізге сала кетейік, «Бастау» кинофестивалін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясы мен «Tanaris Production» кинокомпаниясы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Әзірлеген – Айбота ӨТЕУЛІ
Суреттер «Бастаудың» баспасөз қызметінен алынды