Басқа елдерде де бар. Вице-премьер Тәжікстан көрмесіндегі бассыздық туралы айтты

29 Тамыз 2023, 11:53 1857

Премьер-министрдің орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Астанада өткен Тәжікстан көрмесіндегі бассыздыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір ғана жағдайға қарап, қазақстандықтардың барлығы өздерін солай ұстайды деген сөз емес. Көрмеге келуші азаматтардың барлығы ондай бассыздық қадамға бармады. Ал көрмеде тұрғындардың өзін олай ұстауына келетін болсақ, мүмкін азаматтарға өздерімен жұмыс істеуі керек. Мұндай қылық көрсететіндер бізде ғана емес,  басқа да елдер де бар, - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, Тәжікстан мемлекетінің көрмесінде қойылған жеміс-жидектерге астаналықтар таласып қалған еді.

Еске сала кетейік,  ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Астанадағы көші-қон мәселесіне байланысты шектеу болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Миражан Махан
Бөлісу: