«Баспаналы боласыз»: қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар тұрғындарды сан соқтырған

15 Наурыз, 13:36 679

Астанада қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджері сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық прокуратура мәліметінше, аталған ұйым адамжарды пәтер алу туралы ұсыныспен қызықтырған.

«Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс, осылайша иерархиялық құрылымда деңгейлер құру болып табылады, - делінген мәліметте.

Компания 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн теңгеден астам қаражатты құраған.

Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - делінген мәліметте.

Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.

Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: