Баспанаға мұқтаж құтқарушылардың мәселесін шешуге уәде еткен министр сөзінде тұрды ма?

18 Маусым, 12:00 485

Үкімет отырысының баспасөз брифингінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов тұрғын үйге мұқтаж құтқарушылардың баспана мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілші министрден құтқарушылардың пәтер мәселесі қалай шешіліп жатқанын сұрады.

Қазіргі таңда министрлік тарапынан барлық қажетті шараны қабылдап жатырмыз. Бүкіл қажетті келісімдер бар. Бірақ заңды тұрғыда біз әлі бұл сұрақты шешкен жоқпыз. Қыркүйектен бастап осы мәселе бойынша заңға өзгерістер енгіземіз. Ең басты мәселе ­– тұрғын үй төлемдерін алу. Жоспар бойынша келесі жылдың 1 қаңтарынан осы проблеманы шешеміз деп ойлаймыз, – деді Әрінов.

Сондай-ақ министр құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж екенін атап өтті.

Біздің қызметкерлердің көбісі тұрғын үйге мұқтаж. Ең басты мәселе осы болып тұр, – деді төтенше жағдайлар министрі.

Еске сала кетейік, Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған кезде бірінші кезекте құтқарушылардың баспана мәселесін шешеміз деп уәде берген еді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: