Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA іріктеу турниріне қатысады

5 Шілде, 11:40 832

Баскетболдан 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына іріктеу турниріне қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, Орталық Азия баскетбол қауымдастығының U18 жасөспірімдер арасындағы FIBA іріктеу турнирі Қырғызстанның Бішкек қаласында өтеді. 

Жарыс 8-12 шілде аралығына жоспарланған. 

Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары қатысады. 

Іріктеудің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы ойнайды. Матч 11 шілде күні өтеді. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: