Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды

9 Қаңтар 2023, 11:49 1194

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ибрагимұлы Әлжан Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ерлан Ибрагимұлы 2008 жылы құқықтану мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру институтын, 2014 жылы қаржы мамандығы бойынша «Болашақ» Қарағанды университетін, 2018 жылы заң ғылымдарының магистрі мамандығы бойынша Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы бойынша Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қарағанды облысының облыстық сот кеңсесінің № 2 Шет аудандық соты кеңсесі сот отырысының бас маманы-хатшысы лауазымында жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау агенттігі монополияға қарсы инспекциясының тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс атқарды.
2013 жылдан бастап 2014 жылға дейін Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) заң қызметі департаментінің талап-арыз жұмысы басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарды.
2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, басшысы болып жұмыс істеді.
2019-2020 жылдары - ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылдан бері ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тергеп-тексеру департаментінің директоры қызметін атқарды.
EL.KZ
Бөлісу: