Бас қалада «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді

3 Шілде 2023, 14:40 884

Астана қаласының 25 жылдығына орай «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығы аумағында «Елорда базары» шығыс жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Елорда базары» шығыс жәрмеңкесінде қала тұрғындарын еліміздің әр өңірінен келген үздік фермерлік шаруашылықтар мен тауар өндірушілердің ең тиімді бағадағы жаңа өнімдері күтеді.

Сонымен қатар еліміздің ең мықты дизайнерлері мен қолөнершілері этно стильдегі жинақтарын, зергерлік және керамикалық, киізден және жібектен жасалған бұйымдары мен кәдесыйларын ұсынады.

Мерекеге орай барлық өнімдерге үлкен жеңілдіктер болады және жұртшылыққа арнап көше тағамдары дайындалады.

Жәрмеңке 5-7 шілде күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

EL.KZ
Бөлісу: