Бас Прокурор Берік Асыловтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының басшысы Владимир Иванович Воронковпен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесуге БҰҰ Терроризмге қарсы күрес басқармасының делегациясы, Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратураның қызметкерлері қатысты.
Тараптар терроризм және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты бірқатар мәселелерді талқылады.
Бас Прокурор терроризм және экстремизммен күрес бойынша Қазақстан Республикасының үлесін, осы саладағы қадағалаудың басым бағыттары мен халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың дамуы туралы хабардар етті.
Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаһандық диалогтың белсенді қатысушысы болып табылатыны айтылды.
Өз кезегінде Владимир Иванович Воронков екіжақты қатынастарды нығайтуға қызығушылығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша заманауи жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте әріптестік туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.