Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов Беларусь Республикасының Тергеу комитеті делегациясымен кездесті. Тараптар қылмыскерлікпен күрес және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Берік Асылов екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы қылмыскерлікке қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық тараптың сындарлы және жедел ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдірді. Ал Беларусь делегациясының басшысы қылмыстық-құқықтық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Бұдан өзге тараптар өзекті қылмыс түрлерімен, оның ішінде интернет-алаяқтықпен күресу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, оны одан әрі дамыту бойынша нақты қадамдарды белгіледі.