Бас прокуратураның статистика комитеті «е-Otinish» ақпараттық жүйесін іске қосты

28 Тамыз 2023, 15:58 1103

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «е-Otinish» ақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Мұрат Құсайынов айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жүйе өтініш берудің рәсімін едәуір жеңілдетті.Мысалы, бұрын азаматтар өтініш беру үшін мемлекеттік органға келіп, өтінішті қағазға тапсырып, өтініштерін қарау барысын кеңсеге қоңырау шалу арқылы қадағалап отыруы керек еді, енді кез келген адам үйден шықпай-ақ интернеттің көмегімен мемлекеттік органдарға (аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар) жүгіне алады. Өтінішті жеткізу уақыты 2-3 күннен бірнеше минутқа дейін қысқарды. Бұрын мемлекеттік органға жүгіну үшін аудан орталықтарына немесе қалаларға баруға мәжбүр болған ауыл тұрғындары жолға немесе пошта қызметтеріне қомақты қаражат жұмсайтын, енді бұл жүйнің арқасында уақытты ғана емес, сонымен бірге қаражатты да үнемдейді, - дейді Мұрат Құсайынов.

Ол сондай-ақ  «e-Otinish» жүйесінің көмегімен өтініштерді қарау процесінің ақпараттылығын және жауаптардың сапасын бағалау сервисін атап өтті. Бұрын өтініш берушілер өз өтініштерін кеңседе және мемлекеттік органдардың Call-орталықтарында телефон арқалы өтініштердің қаралу барысын қадағалауға мәжбүр болған.

Енді жүйе немесе мобильді қосымша арқылы жолданатын өтініштердің мәртебесі туралы ақпарат пайдаланушының жеке кабинетіне, пошта операторлары арқылы жіберілетін өтініштер SMS-хабарламалар бойынша келіп түседі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2023 жылғы сегіз айда мемлекеттік органдарға 1 миллион 822 мыңнан астам жолданым келіп түсті.Көп жағдайда арызданушылар өтініш беру арқылы жүгінеді, олар 61%-дан астам (1 129 445), сұрау салулар – 11% (209 023) және 9%-дан астамы (161 118) хабарламалар. Шағымдардың үлесі – 6% (103 663), ұсыныстар – 2,5% (43 837), үн қосулар – 0,4%-ды (7 061) құрайды, - дейді комитет төрағасының орынбасары.

Жолданатын өтініштердің негізгі бөлігі жер пайдалану мәселелеріне қатысты екен. Олар – 122 мыңнан астам немесе 7%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы шамамен 101 мың немесе 5,5%, салықтық әкімшілендіру – 93 мыңнан астам немесе 5,2%, құрылыс – 58 мың немесе 3,2%, әлеуметтік қорғау – 51 мың немесе 2,8% және т.б. сұрақтарды қамтиды.

EL.KZ
Бөлісу: