Бас прокуратура Сайлау комиссияларының 18 мүшесіне айыппұл салды

20 Наурыз 2023, 20:38 1168

Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Орталық сайлау комиссиясындағы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндіріс қозғау құқығы прокурордың ерекше құзіретінде. Азаматтарға басқа адамдарға дауыс беру мүмкіндігін ұсыну мақсатында бюллетеньдерді беру түріндегі құқық бұзушылықтар үшін учаскелік комиссиялардың 18 мүшесіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 110-бабымен айыппұл салынды. Оның ішінде Алматы облысында – 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарында – 2-ден, Алматы мен Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Павлодар облыстарында бірден, - деді ол.

EL.KZ
Бөлісу: