Бас прокуратура Киевте қазақстандық журналисті атты деген күдікке ілінген азаматтың қамауға алынғанын мәлімдеді

22 Маусым, 12:18 481

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен 18 маусымда Киев қаласында Айдос Садықовты өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Украинаның құқық қорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтаған.

Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған оқиғаға қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады.

21 маусымында А.Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды. М.Қаратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Тергеудің мүддесіне орай басқа ақпарат жарияланбайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: