Бас прокуратура БАӘ өтініші бойынша Жанболат Серіковтің ұсталғанын растады

Бүгiн, 17:24 277

Бас прокуратура Әзербайжанда қазақстандық Жанболат Серіковтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қадағалаушы органның мәліметінше, Жанболат Серіковты Әзербайжан аумағында Біріккен Араб Әмірліктері органдарының сұрауы бойынша ұстаған.

Бұл ретте Жанболат Серіковке құқық қорғау органдары тарапынан қылмыс жасағаны үшін іздеу жарияланған жоқ, сол себепті оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қазіргі уақытта қарастырылмайды, – деп хабарлады Бас прокуратура.

Telegram-каналдар ұсталған адам "Finiko-ның негізін қалаушы Эдуард Сабыровқа шабуылды ұйымдастырушы" деп хабарлап жатыр. Әзірше бұл ақпарат ресми расталған немесе жоққа да шығарылған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Жаңа жыл түні Finiko компаниясының негізін қалаушының Дубайдағы вилласына қарақшылар басып кіріп, 327 мың доллар қолма-қол ақшаны ұрлап, оны және оның әйелін жарақаттаған. Эдуард Сабыров атышулы Finiko қаржылық пирамидасының негізін қалаушы ретінде де айтылады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: