Астанадағы ең үлкен мешітте Бас муфти Наурызбай Тағанұлының өксіп жылағаны елдің талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас муфтидің дұға тілеп отырып жасқа булығып жылаған видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алла тағала Отанымызды нұрландыра көр, Алла тағала жүректерімізді нұрландыра көр! Әр мұсылманның шаңырақтарын нұрландыра көр!Қиямет күні алдыңа барғанда жүзімізді жарық көре қыл,- дейді дұға барысында Наурызбай Тағанұлы.
Бас муфтидің бұл әрекетін қызу талқылануда. Тіпті аяусыз сынап жатқандары да бар.