Бас мүфти азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға үндеді

14 Наурыз 2023, 22:00 719

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?!, - деді Бас мүфти.

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі. Пітір мөлшерін 535 теңге деп белгіледі. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.

EL.KZ
Бөлісу: