"Барыс" ҚХЛ-ның жаңа маусымын жеңіліспен бастады

2 Қыркүйек 2023, 20:36 802

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасын сәтсіз бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елоорда клубы уфалық "Салават Юлаев" клубына жол берді.

Астанада өткен кездесу 2:3 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапынан  Александр Хмелевский (13-минут), Владислав Ефремов (25-ші) және Александр А. Шаров (46-ші) мергендік танытты.

Астаналықтардан Тамирлан Гайтамиров (51-минут) пен Понтус Оберг (56-ші) көзге түсті.

Ойын соңында айдын иелерінде таразы басын теңестіруге тамаша мүмкіндік болып еді, бірақ "Салават Юлаев" қорғаныста сауатты қимылдады

Берік Арманов
Бөлісу: