«Барыс» қатарынан төртінші рет жеңілді

27 Қаңтар, 10:06 923

Елорданың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейде «Ладамен» (Тольятти) кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғаш болып есепті айдын иелері сапынан Николай Демидов ашты. Ол 17-минутта қақпаны дәл көздеді.

Одан кейін екі клубтың да таблодағы есепті өзгертетін мүмкіндіктері болғанымен, ешкім мергендік таныта алған жоқ.

Үшінші кезеңнің 53-минутында «Лада» сапынан Остап Сафин қонақтардың қақпасынан саңылау тапты. Осылайша елордалық клуб қарсыласына жол берді - 2:0. Астаналықтар қатарынан төртінші рет жеңіліс тапты.

Енді «Барыс» алдағы алты ойынын Астанада өткізіп, 28 қаңтарда Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) клубымен кездессе, одан кейін 31 қаңтарда «Авангард» (Омбы), 4 және 6 ақпанда «Амур» (Благовещенск), 8 ақпанда СКА (Санкт- Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен кездеседі.

Жансая Әділбек
Бөлісу: