«Барыс» осымен 47-рет жеңіліс тапты

Бүгiн, 08:34 186

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы сәтсіз сериясын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы елордалық ұжым өз айдынында Владивостоктың «Адмирал» клубынан 2:4 есебімен ұтылды.

Астанада өткен ойында Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері осымен қатарынан жетінші рет жеңіліп отыр.  

Биылғы маусымда «Барыс» тұрақты чемпионатта 10 рет қана жеңіске жетіп, 47 рет жеңіліс тапты.

Қазақстандық клуб келесі кездесуін 26 ақпанда сырт айдында Магнитогорскінің «Металлург» клубымен өткізеді.

Асқар Таудай
Бөлісу: