«Барыс» клубының сапына СКА қорғаушысы қосылды

25 Маусым, 18:09 924

«Барыс» пен СКА арасындағы ойыншылармен алмасу нәтижесінде қазақстандық клуб Никита Камаловты қатарына қосты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астаналықтардың ресейлік қорғаушымен келісімшарты екі маусымға, 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген. Санкт-Петербург қаласы командасы қаржылай өтемақы алды.

Қорғаныс ойыншысы Новокузнецктің «Металлург», хабаровскілік «Амур», «Сочи» және СКА командалары сапында өнер көрсете жүріп, ҚХЛ-да шамамен 400 матч өткізген. Ол соңғы екі жарым жыл бойы СКА намысын қорғады. Өткен тұрақты чемпионатта Никита 37 кездесуге қатысып, 6 (2+4) ұпай алды және бұл оның көрсеткішіне плей-оффтың төрт матчындағы бір гол мен нәтижелі пасты қосу керек. Соңғы екі маусым көлемінде хоккейші «Ресей-25» командасы құрамында түрлі халықаралық жарыстарға қатысты, - делінген елорда клубының баспасөз қызметінде.

Никита Камалов

Туған күні: 08.08.1995 (28 жаста).

Амплуа: қорғаушы.

Бойы: 183 см

Салмағы: 88 келі

Мадина Асылбекова
Бөлісу: