Астананың «Барыс» клубы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов турнирінде мерзімінен бұрын топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Андрей Скабелка шәкірттері екінші турда «Авангардпен» жолыққан. «Барыс» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді.
Енді жерлестеріміз клуб 25 тамызда сағат 11:00-де Ниженкамскінің «Нефтехимигімен» жолығады.