«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында қазақстандық команда алдымен есеп ашты. Оны 18-минутта Аңсар Шайхмедденов өзінің еншісіне жазды. Көп ұзамай 19-минутта «Амур» хоккейшісі Сергей Дубакин таразы басын теңестірді.
Екінші кезең басталғанда ресейлік команда шабуыл ұйымдастырды. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Ян Дрозг 21-минутта өзінің командасын алға шығарды.
Ойының 59-минутында реесйлік командадан Александр Шаров қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Енді «Барыс» 21 қарашада елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.