Барселона футбол мектебіне ұлыңызды бергіңіз келсе...

29 Қыркүйек 2015, 03:57

Бүгінгі таңда «Барселона» – әлемнің ең үздік футбол клубтарының бірі. Оның өзге топ-клубтардан басты ерекшелігі – оның Ла Масия деп аталатын футбол мектебі.

Бүгінгі таңда «Барселона» – әлемнің ең үздік футбол клубтарының бірі. Оның өзге топ-клубтардан басты ерекшелігі – оның Ла Масия деп аталатын футбол мектебі. Аталмыш мектеп 300 артық баланы тәрбиелеп отыр және 2002 жылдан бері дүние жүзінің ең мықты футбол мектептерінің қатарында. Барселона клубының Еуропалық біріншіліктерінде, Испания ұлттық құрамасының Әлем чемпионаттарында топ жаруындағы негізгі фактор да осы мектеп. 2010 жылы «Алтын доптың» үш иегері де (Андрес Иньеса, Лионель Месси, Хави Эрнандес) осы мектептің түлегі болды және бұған дейін мұндай жетістікке ешқандай футбол академиясы жете алмаған.   

Футболшы атануды көздейтін жас балалардың басым көпшілігі осы мектепке жаттығуды армандайды, олардың қатарында Қазақстан жастары да жоқ емес. Бүгінгі материалымыз сол талапты жас футболшылар мен олардың ата-аналарына арналмақ.

Бұрындары мектеп 1703 жылы салынған «Камп Ноу» стадионының жанындағы ескі ғимаратта орналасқан болатын. 2011 жылы академия «Барса» базасының территориясына көшіп барды. Қаладан 8 шақырым жерде. Бұл көлемі 140 мың шаршы метрді құрайтын заманауи базаның атауы – Сьютат Эспортива. Оның құрылысына 70 миллион евро жұмсалған.

Академияға түскен тәрбиеленушілер қатаң тәртіпті сақтануы қажет, өйткені олар казармалық режимде өмір сүретін болады.

Таңертеңгі ояну уақыты – 06:45. Таңғы асқа – бутерброд және сүт қосылған кофе. Содан кейін бірден жолға. Сегізден бір жарымға дейін – жалпы білім беру мектебі (математика, тарих, жаратылыстану, испан тілі, әдебиет). Одан соң, сол автобуспен «Ла Масияға» кері қайтады. Түскі ас – макарон мен шпинат, макарон мен балапан еті, макаран мен ет, макарон мен балық. Кейіннен жарты сағаттық демалыс және бір жарым сағаттық жаттығу. Жаттығудың ізінен үй тапсырмаларын орындау уақыты келеді. Демалыс. Кешкі ас. Ұйқыға кету уақыты – 23:00. Осылай күн сайын.

Барселонаның балаларға арналған барлық командаларда жалпы саны 500-600 бала жаттығады. Олардан «жаңа» Мессилер, Хавилер, Пикелер дайындалады. Алайда олардың бәрі бірдей Барселона сапында өнер көрсете алмайды.

Негізгі құрамға іріктеу өте қатаң түрде жүргізіледі. Жыл сайын бір орынға жүздеген адам таласады. Мұндай сұрыпталудан өту үшін үміткер бірнеше құнды қасиетке ие болуы тиіс. Сенің жүгіре алатындығың және шыдамдылығыңнан гөрі алаңды қалай көретіндігің және пас бергенде допты қай аяққа жеткізетіндігің маңызды, өйткені бұл каталониялық команданың ойын стилі.

Егер де ұлыңыз әлемнің ең мықты футбол мектебінде жаттықсын десеңіз, бастапқыда балаңызды ең құрмағанда ОРМБЖМ-ға (Балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектебі) беріңіз. Ол жерде жас бала футбол спортының бастапқы сабақтарын алады. Егер сол жердегі мамандар сіздің балаңыздың таланты бар екенін анықтап жатса, олардың өздері ақ балаңызды футболға кәсіби түрде дайындауға кеңес береді. Тек осы жағдайда ғана шетел туралы ойланған абзал. Ойланып болған соң, жас футболшының ойынын, жаттығуларын видеоға түсіріп, «Барселона» академиясының келесідей адресіне жіберу керек: fcbescola@fcbarcelona.cat немесе +34 496 75 92 нөміріне хабарласу қажет.

Жаттықтырушылар видеоны міндетті түрде көреді, өйткені олар әлем бойынша жас таланттарды іздейді. Егер сіздің балаңыз оларды қызықтыра алса, сізбен міндетті түрде хабарласады және клуб келіп-кетуіңіздің шығынын өтейді. Келгеннен соң арнайы мамандар жас таланттың қабілеттерін бағалайды.

Мектепке балалар 6 жастан қабылданады, сол себепті неғұрлым ерте қамданғаныңыз жөн. Атап өтерлік жайт, «Ла Масияда» балалардың тәрбиеленуі толықтай тегін, клуб жыл сайын осы мақсатта 15 миллион евро жұмсайды. Оның үстіне жас футболшыларға стипендия төленеді.

Балаңыздың «Ла Масияға» түсуі-түспеуі сізге және сәбиіңіздің қабілеттеріне байланысты.


Дәурен Омаров

Материалды әзірлеу барысында vesti.kz cайтының мәліметтері пайдаланылды

Бөлісу: