«Барселона» Чемпиондар лигасының келесі маусымынан шеттетілуі мүмкін

28 Сәуір 2023, 18:30 1004

«Барселона» Чемпиондар лигасының келесі маусымынан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Наурызда Каталония прокуратурасы Барселона басшылығы мен Испания корольдік футбол федерациясының Техникалық төрешілер комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Анрикес Негрейраның қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық жанжалына қатысты тергеуді бастады.

Негрейраға қатысты іс «Барселонаның» келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнау мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Алайда, 15 мамырға дейін лицензия беретін комитет клубқа еуропалық жарыстарға қатысуға рұқсат береді. Егер тергеу амалдарынан кейін сыбайлас жемқорлық фактісі расталса, «Барселона» турнирден шеттетіледі. Қазіргі уақытта «Барселонаның» Чемпиондар лигасына қатысуына тыйым салуға әсер ететін ақпарат жоқ, – деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Равиль Ашығали
Бөлісу: