"Барлық қазақстандыққа өтемақы төленеді": Қаржы министрлігі пікір білдірді

7 Сәуір, 23:20 10114

Әлеуметтік желілерде барлық қазақстандыққа өтемақы төленетіні туралы ақпарат тарады. Қаржы министрлігі бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство ел тұрғындарын тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Әрбір қазақстандыққа өтемақы төлеу бойынша жаңа Қаулы туралы хабарлама жалған болып табылады. Бұл хабарламаның Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қатысы жоқ. Жұртшылықтан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз,-делінген министрлік мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: