«Барлық марапатым өзімде қалды». Әли Оқапов марапаттарын қайтармаған ба

31 Қаңтар, 10:43 1018

Әнші Әли Оқапов «Құрмет» орденін аламын деп, басы дауға қалған еді. Осыдан кейін өнер иесі барлық марапаттарынан бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әнші «Таңшолпан» бағдарламасында берген сұхбатында заңға бағынғанын жеткізді.

Былтыр орден алғаным үлкен дауға ұласты. Негізі, сондай марапатқа лайық болғаныма қатты қуанғанмын. Алайда, әлеуметтік желіде үлкен айқай-шу шықты. Сол кезде өзімді қатты ыңғайсыз сезіндім. Анам ес білгелі «халықтан үлкен емессің, бірінші орында халық» деп көп айтатын. Көпшіліктің пікіріне бағынып, марапаттан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірақ заң бойынша әртіс мемлекеттік сыйлықтан бас тарта алмайды екен. Егер бас тартса, марапат иесінің жағымсыз әрекеті үшін қайтарылды деп айтылады. Сондықтан мен заңға бағындым. Маған сенім артып, менің өнеріме жанашыр болып жатқан тыңдарман қауымды құрметтеймін. Қазір барлық атақ-марапатым өзімде қалды, – дейді әнші. 

Сонымен қатар, өнер иесі бәріне ұнау мүмкін емес екенін айтады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: