Барлық этнос жастары еріктілер бастамасын қолдайды

28 Қаңтар 2020, 17:56 2839

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея Хатшылығының меңгеруішісі Жансейіт Түймебаев сондай-ақ, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай мен оның орынбасары және «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаевты қабылдады.


Жастар көшбасшылары кездесу кезінде Жансейіт Қансейітұлына Жастар жылы аясында ұйымдастырылған іс-шаралар мен олардың нәтижелері туралы баяндады. Сондай-ақ, Еріктілер жылы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында жоспарланып отырған жастар бастамаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Максим Споткай осы жылдан бастап «Жаңғыру жолы» жастар ұйымының аймақтағы штабтары еріктілер бастамасын қолдау жөніндегі жобалық кеңсе форматында жұмыс жасайтынын айтты. Мұнда кез-келген тұрғын ұсыныс-тілек білдіріп, сондай-ақ, еріктілер қозғалыстарының жобаларына қатыса алады. «Біз еріктілер бастамасының барлық этномәдени бірлестіктер жастарының күнделікті жұмысына айналуына күш саламыз» деді Максим Споткай.

Жансейіт Түймебаев Ассамблея қызметінде жастар ұйымдарының қосып отырған үлестері қомақты екенін атап өтіп, ҚХА еріктілер қозғалысының жұмысына қолдау білдіретіндігін айтты. Сондай-ақ, еріктілер қозғалысының жұмысына жастарды көптеп тартуды және ең бастысы, оның мақсатын түсіндіруде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын ескертті.

Нұргүл Қалиева
Бөлісу: