Бәрі қағаз жүзінде. Арқалық жылу электр орталығы құжат бойынша жұмыс істеп тұр

21 Маусым 2023, 12:03 1343

Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Наталья Годунова Мәжілістің жалпы отырысында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қостанай облысының Арқалық қаласында тапсырыс беруші – ТКШ бөлімі екі жобаны қабылдады. Олар: «Арқалық қаласын 2030 жылға дейін жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау» және «Қуаты 2,5 МВт болатын №2 станцияның турбоагрегатын ауыстыру бойынша Арқалық ЖЭО реконструкциялау». Олардың толық дайын болмағандағы жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайды, - деді Годунова.

Нәтижесінде Арқалық ЖЭО тек құжат бойынша пайдалануға берілді.

Мемлекеттік сараптама қорытындысында айқындалған құрылыс ұзақтығының мерзімдері сақталмайды. Мысалы, «Астана қаласының ЖЭО-2 кеңейту» жобасын іске асыру ұзақтығы 7,5 жылға есептелген. Бұл нысанды қайта құру 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда және 2016 жылы аяқталуы тиіс еді. Алайда, барлық ұзартуды ескере отырып, аяқтау биылдың соңына қарай жоспарланып отыр, - деді ол.

Құрылыс аяқталғаннан кейін пайдаланушы ұйым объектілерді әртүрлі сылтаулармен қабылдамайды. Ал іс жүзінде бұл әрекет салық міндеттемелерінің ұлғаюына жол бермеу үшін жасалатынын айтты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: