Барахолка базарынан тағы өрт шықты

26 Тамыз 2023, 16:53 544
Алматыдағы барахолка базарынан кезекті рет өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бүгін таңертең қаланың база орналасқан аумағында өрт шығып, адамдарды әбіргер салды. Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратментінің хабарлауынша, тілсіз жау 26 тамыз сағат 08:37-де өрт сөндірілген. 
 
Өрт сөндірушілер Жетісу ауданындағы "Алмалы" базарындағы жанып жатқан контейнерлердегі өртті сөндіріп, от шарпыған аумақ 80 шаршы метрді құраған. 

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің жақын маңдағы тауарлық-материалдық құндылықтары бар сауда қатарларына таралуына жол берілген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ", - деп жазылған қалалық төтенше жағдайлар депаратменті таратқан мәліметте. 

Асқар Таудай
Бөлісу: