Бақытжан Сағынтаев келер жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады

26 Желтоқсан 2023, 07:25 779
Бақытжан Сағынтаев жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа басшысы болады. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин ЕАЭО Жоғарғы кеңесінде атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын. Біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды, - деді Ресей президенті.
Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды. Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.
Перизат Саденова
Бөлісу: