Бақытжан Нарымбетов Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бүгiн, 12:55 210

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қостанай облысы әкімі өкімінің негізінде Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облыстық әкімдігінің мәліметінше, ол білім, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және дін салаларын қадағалайтын болады.

Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін иеленген.

Азаматтық қоғам институттарында еңбек ету тәжірибесі мол. 2007-2013 жылдары Астана және Алматы қалаларындағы әртүрлі үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген.

2013-2018 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратында бас инспектор және бөлім басшысы қызметтерін атқарып, қалалық ішкі саясат бөлімін басқарған. Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы әрі басшысы болып еңбек етті. Сонымен қатар облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2019-2021 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2021-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: