БАҚ: Қазақстан туралы аузына келгенін айтқан ресейлік депутат елге кіргізілмеді

22 Мамыр 2023, 11:32 1879

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Қазақстанға кіргізілмеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Sputnik Ближнее зарубежье" арнасының жазуынша, ресейлік депутатты төлқұжатты тексеретін пункттан Қазақстанға кіргізбей қойған. 

Айта кетейік, Константин Затулин Қазақстан туралы жиі арандатушылық пікірлер білдіріп тұрады. Былтыр күзде Қазақстанның тәуелсіздігі  мен егемендігіне қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Ол өз сөзінде еліміздің Ресеймен арадағы саясатына сенімсіздік танытып, алдағы уақытта әлемдегі ең ұзақ құрлық шекарасы бар елдердің қарым-қатынасы қиындап, жағдай ушықса, Қазақстанның тәуелсіздігі қауіпті жағдайда болатынын айтқан еді. Оған Мәжіліс пен Сенатт депутаттары жауап берген. 

Алмас Абылай
Бөлісу: